АВТОКӨЛІК ӨРТІНЕН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!

0

Автокөлік саны артқан сайын автомобильдегі өрт саны жоғарылап, мұндай жағдайлар әдеттегі оқиғаларға айналып барады. Егер автокөлікте қосымша бензин құйылған канистра, синтетикалық әртүрлі материалдар болса бірнеше минуттың ішінде-ақ толық жанып кетеді. Кейде сұйық отын құбырына жеткенше сымдар жүйесі бықсып жалын көрінбей жасырын және кідірген түрде өрт пайда болады. Егер автокөлік, көліктер жинақталған орында тұтанса, әсіресе көлікті басқа көліктерден алшақтату мүмкін болмаса, онда өрт қауіптілігі жоғарылайды.

Аталған мән-жайларды ескеріп, Төтенше жағдайлар бөлімі автокөліктегі өрттердің алдын алу шараларын ұсынады:
— электр тоқ жүйелері және қондырғылары зауыттан шығарылған болуы тиіс;
— қозғалтқыш пен астыңғы қорғағыш жанармайдан таза болуын қадағалап, майдың төгілуіне жол бермеу керек;
— автокөлік ( жеңіл автокөлік-ОП-1, «Газель» автокөліктері-ОП-3, автобустар-ОП-5 және алысқа жол жүретін автобустар ОП-5 -2 дана) өрт сөндіргіштермен қамтамасыз етілуі қажет;
— аккумулятордан электр тоғын ажырататын қондырғы (трамблер) ақаусыз жұмыс істеуі керек;
— жолаушыларды тасымалдайтын автокөлік жүргізішісі өрт-техникалық минимумнан өтуі керек;
— техникалық қызметті уақытылы жүргізу керек;
Қатаң тиым салынады:
— қозғалтқышты ашық отпен (паяльная лампа)қыздыруға;
— қолдан жасалған электр қондырғыларын пайдалануға;
— жанармай құю станциясында жолаушыларды түсірмей жанармай құюға;
— автокөлік ішінде темекі шегуге;
— автокөлік ішіне жанармайдың бос ыдыстарын сақтауға немесе жинауға;
— аккумуляторды автокөлік ішінде зарядтауға;
— қозғалтқышты бензин немесе дизель маймен жууға;
Қазіргі таңда Қордай ауданы Төтенше жағдай-лар бөлімінің қызметкерлері автокөліктердегі өрттердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үн парақтар таратуда.
Құрметтіжүргізушілер! Қайғылы жағдайларға жол бермес үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайық.Өрт болған жағдайда «101» немесе «112»телефон номерлеріне хабарласыңыз.
Өрт-тілсіз жау екенін ұмытпаңыз!

М.ЖӘНЕЛІ, Қордай ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы
азаматтық қорғау капитаны

Leave A Reply

Your email address will not be published.