АҚПАРАТ АЛАМАНЫНЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ

0

Ал, әкімдікте өткен кездесу барысында Рүстем Рысбайұлы аталмыш төс белгіні салтанатты түрде Құрманбек Әлімжанның кеудесіне тағып, Алғыс хатын ұсынды. Сонымен қатар, осы күні аудандық газет редакторының орынбасары Әлібек Оспанов аудан әкімінің Құрмет грамотасына ие болса, бас редактор Шолпан Сабанова бастаған Гаухар Жұмабаева, Зәуре Жарқымбаева, Мадияр Қарабаев, Анна Нарожная және Роза Нұрсеитовалар аудан әкімінің Алғыс және Құттықтау хаттарымен марапатталды. Ал, газетіміздің оператор-дизайнері Ғалия Құсманғалиева аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасына ие болды.

Аудан әкімінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрболат Сатымқұлға да Құрмет грамотасы ұсынылды. Сонымен қатар, «Кәсіпкер жаршысы» газетінің қызметкерлері Анара Ащанова және Вера Олейникке аудан әкімінің Алғыс хаты табысталса, ардагер журналист Людмила Досымбекова және аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің қызметкері Фариза Қорабай да Алғыс хат алды. Барлық марапат иелеріне бағалы сыйлық пен гүл шоқтары ұсынылды.

Ерекше атап өтетіні, осы күні «Қордай шамшырағы» редакциясына аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, спорт   бөлімі, «Жұмыспен қамту орталығы», басшыларымен қатар Ауқатты, Жамбыл, Қарасу, Қаракемер,  Алға ауылдық округтерінің әкімдері мен қызметкерлері,  ауданымыздың құқық қорғау органдары өкілдері арнайы келіп бірқатар тілшілерді Құттықтау хатымен марапаттаса, өзгелері әлеуметтік желі арқылы жылы лебіздерін білдірді. Еңбегімізді бағалап, сый-құрмет көрсеткендерге үлкен алғыс айтамыз. Марапаттарыңыз құтты болсын, қадірменді әріптестер!

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.