АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

0

Қордай АПБ Көші-қон қызметі тобы 2021 жылдың ақпан айының 15-19 жұлдызы аралығында «Мигрант» профилактикалық  шарасын өткізуде.

Қазақстан Республикасына заңсыз келуі мен олардың мемлекет аумағында қозғалуын, шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұза отырып, шетелдіктерді еңбек қызметіне тартумен айналысатындарға қатысты жедел-іздестіру және арнайы іс-шаралары ұйымдастырылуда.

Елге заңсыз кірген шетелдіктерді анықтаудың әрбір дерегі бойынша, сондай-ақ көлік құралдарын, тұрғын үймен қамтамасыз етуге  қатысқан адамдар анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады.

Сонымен қатар, экстремистік бағыттағы көзқарастармен бөлісетін және насихаттайтын, сондай-ақ қару-жарақ пен есірткінің заңсыз айналымымен айналысатын және осыған қатысты адамдарды анықтау мақсатында шетелдіктер   арасында жедел жұмыстар жүргізіледі. Әкімшілік учаскелерде тұрақты тұратын және уақытша болатын шетелдіктерді, оның ішінде босқындар мекенжайлары бойынша тексеріледі. Ел аумағында болу мерзімдері бұзылған шетелдіктерді анықтау және оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша да жұмыстар жүргізілетін болады.

 

М. Ережепов, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі                                                               

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.