«АСҚАҚТА МӘҢГІ, АЛАШТЫҢ АСТАНАСЫ!»

0

Сәрсенбі күні Қордай ауданының орталық саябағында 6 шілде – Астана күніне орай «Асқақта мәңгі, Алаштың Астанасы!» атты мерекелік шара өтті.

 Айтулы шараның шымылдығы балалар хорының орындауындағы «Астана» әнімен ашылды.

Биыл ел астанасының іргесі бекігеніне  25 жыл толып отыр. Осынау ширек ғасыр ішінде Астана ұлтымыздың рухани орталығына айналып, дамудың даңғыл жолына түскеніне барлығымыз куәміз. Еңселі Елордамыздың келбетіне сүйсінбейтін жан жоқ. Қазір бас қаламыз әлем таныған, халықаралық басқосулардың алаңына айналған.

Абыройымыздың айғағы болған Астананың туған күніне орай өткен концертте Қарлығаш Қожағазина, Светлана Османова, Станислав Насыров, Төлеген Қыдырбек, Балдат Бейсеқожа сынды ауданымыздың күміс көмей әншілері және «Ойжайлау» фольклорлық ансамблі, «Серілер» тобы, «Ромашки» балалар вокалдық тобы, «Ерке» триосы, «Махаббат» би ансамблі, өзге де өнерлі өрендер әуезді әннен, ырғақты биден шашу шашып, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады. Мәдени шараға халық та көп жиналды. Керемет кештің куәсі болған қордайлықтар бұл күні ашық аспан астында әрі кешкі салқында ән тыңдап, құлақ құрышын қандырып, бір сергіп қалғандары

Leave A Reply

Your email address will not be published.