Асық атып, арқан тартты

0

Ұлттық спорт түрлері – еліміздің бренді. Қазақ халқы ежелден барлық мерекелерде ұлттық спорттан жарыстар ұйымдастырған.

Елімізде ұлттық спорт түрлері жыл сайын дамып, жастардың қызығушылығы да артуда.

Қордай, Әлжан ана, Ауқатты, Отар, Сарыбұлақ, Қарасу ауылдарындағы спорт кешендерінде және ауылдық округтерде асық ату, бес тас, арқан тарту, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақ күресі т.б ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Асық атып, арқан тартысқан, тоғызқұмалақ тақтасына қарап ойланып, аулада асық атысқан жастардың көрінісі әсем-ақ.

Аталған іс-шараға 500-ден аса жасөспірімдер және жастар қатысып, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.