Бүгінде атом энергетикасының қауіпсіздігін жоғары дәлдікті компьютерлік модельдеусіз қамтамасыз ету мүмкін емес. Заманауи есептеу технологиялары эксперименттер жүргізгенге дейін реактор қондырғыларының жұмысын болжауға, сондай-ақ олардың қалыпты жағдайындағы және ықтимал штаттан тыс жағдайлардағы жұмысын бағалауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығында қандай әдістер қолданылатыны және олардың реакторлардың қауіпсіздігін негіздеудегі маңызы туралы ҚР ҰЯО РМК «Атом энергиясы институты» филиалы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері Артур Сураев әңгімелейді, деп хабарлайды dalanews.kz.
— Неліктен бүгінгі таңда компьютерлік модельдеу реактор қондырғыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралдарының бірі болып саналады?