АУДАН ӘКІМІ БЕГЗАТ БОЛАТБЕКОВТЫҢ 1 НАУРЫЗ – АЛҒЫС АЙТУ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды шуақты көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі.
Сондай-ақ, көпұлтты Қазақстанның бірлігін нығайтып, еліміздегі барлық азаматтардың бiр-бiрiне деген сыйластығы мен өзара ынтымағын арттырып, ортақ тарихты құрметтейтін, көмек және қолдау көрсету күнi. Яғни, әр адам жақсылығы үшін алғыс алып, өзіне көрсетілген көмек пен демеу үшін ризашылығын білдіретін күн.
Отыздан астам түрлі этнос өкілдері шоғырланған біздің ауданымызда бұл мерекені ерекше сән-салтанатпен атап өту дәстүрге айналған.
95 жылдық тарихы бар, татулығы тұрақты қордайлықтардың бірлескен еңбегінің арқасында ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жыл өткен сайын жақсарып келеді. Оған өздеріңіз куәсіздер! Жыл сайын әр ауылда жаңадан әлеуметтік нысандар бой көтеріп, инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған жұмыстар қолға алынуда.

Қымбатты қордайлықтар!

Жаңа Қазақстанды құру және ауданымызды дамыту жолында атқарып жатқан қажырлы да тынымсыз еңбектеріңіз, күш-қайраттарыңыз, әр іске деген жауапкершіліктеріңіз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін!
Көктемнің алғашқы мереке күні елімізге тыныштық, әрқайсыңыздың отбасыңызға береке мен бірлік тілеймін!

Leave A Reply

Your email address will not be published.