АУДАН ӘКІМІ МӘДЕН МҰСАЕВТЫҢ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Қадірменді жерлестер!
Баршаңызды мұсылмандардың ұлық мейрамы – Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді.
Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды.
Құрбан айт адамдардың бір-біріне мейірімді, қайырымды болуын насихаттайтын, ізгілік пен имандылыққа жетелейтін, ұлт пен ұлысты ұйыстырып, халықтарды татуластыратын қасиетті мереке.
Тәуелсіздігіміз орнығып, өз алдымызға дербес мемлекет болғалы бері бұл күн арнайы демалыс күні ретінде белгіленіп, ресми түрде тойлана бастаған қасиетті мейрам дін бірлігін нығайтуға, рухани жаңаруға, қайырымдылық пен қанағатшылдық, бауырмалдық пен татулық сияқты адамгершілік асыл қасиеттердің қоғамдық өмір салтына айналуына шапағатын тигізуде.
Қадірменді бауырлар!
Ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашатын, береке мен бірлікті, мейірім мен меймандостықты арттыратын Құрбан айт мерекесі қарсаңында береке-бірлік, бейбіт өмір, әр шаңыраққа игілік пен амандық тілеймін!
Құрбан айтты атап өтудің мәні мен мағынасы зор. Алланы бір, пайғамбарды хақ деп білген мұсылмандар мешіттерімізде айт намазын оқып, дұға жасап, бір-бірін мерекемен құттықтап, мәре-сәре болғаннан кейін құрбандық шалады.
Шалған құрбандық, берген садақа, жасаған әрбір игі амалдың сауабы еселеніп жазылғай. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ
ХАТШЫСЫ Н.САДЫҚОВТЫҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ!

Барлық мұсылман қауымын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын.
Ғасырлар бойы діни төзімділік пен ұлтаралық бірлікті, әдет-ғұрып пен салт-дәстүр сабақтастығын сақтаған Қазақстан халқы үшін Құрбан айт мейрамы тек қана діни мереке емес, сонымен қатар бейбітшілік пен келісімнің нышаны болып табылады.
Бұрынғы дәстүр бойынша Құрбан айт мейрамы адамзаттың дүйім жұртын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақырады.
Осынау жарқын мерекеде барша отандастарға зор денсаулық, береке мен шаттық тілеймін.
Құрбан айт қабыл болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.