КЕНЕН АУЫЛЫНДА «БІЗ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қордай аудандық мәдениет үйіне қарасты Кенен ауылдық мәдениет үйінде жұмыс жоспарына сәйкес нашақорлықтың алдын алу бағытында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл тұрғындары мен жасөспірімдерге темекі шегу мен есірткі заттарын қолданудың адам денсаулығы мен өміріне тигізетін зияны жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылармен зиянды әдеттердің алдын алу, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мәселелері талқыланды.
Шараның негізгі мақсаты – жастарды темекі мен есірткіден бойларын аулақ ұстауға шақыру, олардың зияны туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға және дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастыруға ықпал ету.