АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

0

Аудан әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бақаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштерін мұқият тыңдады. Қабылдауға келген азаматтар мәселелерін ортаға салды.

 

Тұрғындардың дені баспана мәселесін алға тартса, сонымен қатар, медицина саласына қатысты, әлеуметтік қолдау мен тұрмыстық жағдайға байланысты түрлі мәселелер де жеткізілді.

Жұлдызбек Төленұлы, өз сөзінде аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру – әкімдік үшін ең өзекті және басым бағыт екенін айтты. Ол тұрғындардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік қамтамасыз етуді нығайтуға бағытталған барлық жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте, тұрғын үй мәселелерін шешуде «Отбасы банк» акционерлік қоғамының бөлімшелеріне жүгіну қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, медицина саласындағы, әлеуметтік сауалдар бойынша мәселелерді жою үшін, тиісті бөлім және мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сонымен бірге, округ әкімдеріне де тұрғындардың талап-тілектерін жылдам әрі сапалы шешу бағытында белсенді жұмыс істеу қажеттігі айтылды.

Әкімнің орынбасары бұл қабылдаулардың жүйелі түрде өткізілуі, тұрғындардың қиындықтарын уақытылы анықтап, оларды шешу шараларын жедел енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ, әкімдік тұрғындардың тұрмыстық, әлеуметтік және денсаулық сақтау саласындағы мәселелерін шешуде жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін, әрбір азаматтың құқығы мен мүддесінің толық қорғалатынына кепілдік беретінін жеткізді.

Мұндай қабылдаулар – тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, оларға лайықты тұрмыс жағдайын жасауға бағытталған шаралардың жалғасы әрі маңызды бір бөлігі. Бұл кездесу тұрғындардың билікке деген сенімін арттырып, қоғамдағы диалогты нығайтуға бағытталған маңызды шара.

Ә.САТЫШЕВ

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.