АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА БАРАДЫ

0

Қордайлық жас спортшылар тағы бір жарыстан жеңімпаз атанып қайтты. Қазан айының 13-15 аралығында Қарағанды қаласында ММА бойынша Қазақстан кубогы сарапқа салынған болатын. Жеңімпаз атанғандар Алматыда өтетін Азия чемпионатына барады.

Байрақты бәсекеге 700-ге жуық спортшы қатысқан.  Сол жерде өнер көрсеткен «ZHALGAS TOP TEAM» спорт  клубының жас спортшылары жүлдемен оралды. 30 кг салмақта жекпе-жек өткізген Нұрайлым Сунетолла жеңімпаз атанып, чемпиондық белбеуді тағынса, Арсен Асыр мен Асемай Тулен жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жаттықтырушы Жалғас Кеңесбектен тәлім алатын жас спортшылардың жеңіс жолы жалғасын тапсын дегіміз келеді. Ал, Нұрайлым Сунетолла Азия чемпионатында бақ сынайды.

Аталмыш жарысқа қатысқан қордайлық «ЯГУАР TOP TEAM» спорт клубынның жас спортшысы Нұрдәулет Өмірзақ та аталмыш кубок иегері атанып, белбеу тағынып қайтқан. Жаттықтырушы Марат Мамышев. Енді Нұрдәулет  те күшін Азияда сынап көрмек.

Азия чемпионатына қатысатын жас жеткіншектердің бабы пен бағы қатар шабады деген ойдамыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.