«Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!»

0

Аудандық балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы жанынан құрылған «Bala Land»  жазғы лагерінде  демалушы балақайлар арасында «Көңілді старт» атты эстафеталық ойын өткізілді.

Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, қызығушылықтарын арттыру, денсаулықтарын жақсарту мақсатында ұйымдастырылған жарысқа екі команда қатысты. Эстафеталық сайыс жүгіру, секіру, доп, қапшықпен секіру, шарды жарып ойнау секілді түрлі қызықты әрі тартысты кезеңдерден тұрды. Ойын барысында оқушылар ептілік, шапшаңдық, күш және т.б. физикалық дайындықты талап ететін қозғалыстық тапсырмалар түрінде орындалуын және өнерлерін, жан-жақтылығын көрсете білді.

Балалар өте көңілді, «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін!» деген қағидамен білек сыбана кірісіп, белсенділікпен қатысты. Ойын соңында жеңімпаздар анықталып, мақтау қағаздары табысталды. Жоғары деңгейде өткен жарыс демалушы балақайлардың көңілінен шығып, осындай қызықты шаралар жиі өткізіліп тұрса деген тілектерін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Шара соңында естелікке суретке түсіп, марапаттарын арқалап, мәз-мейрам боп тарасты.

 

Сандуғаш Тлепбаева,

педагог-ұйымдастырушы

Leave A Reply

Your email address will not be published.