IQanat олимпиадасының жеңімпаздары

0

18–24 маусым аралығында Алматы қаласында ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларына арналған IQanat олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.

Ауданымыздан бұл білім бәйгесіне 15 оқушы қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Амангелді Амирхан мен №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Асқар Ерден грант иегері атанды.

Ал №2 М.Ломоносов атындағы орта мектептің оқушысы Бахыт Абдурахман мен №4 Б.Бөлтірікова атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Дабыр Назерке жартылай грантқа ие болды.

Бұл – ауданымыз үшін үлкен жетістік!

Айта кетейік, республикалық кезеңге еліміздің түкпір-түкпірінен 1000 оқушы қатысты. Осындай жоғары бәсекеде топ жарып, аудан абыройын асқақтатқан оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Жас білімпаздарға алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.