БАҚЫТҚА БІРГЕ БАРАМЫЗ

0

Елорда күніне орай Сортөбе ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Таня Апаеваның және «Отечество» славян этномәдени бірлестігінің басшысы Любовь Харченконың ұйымдастырумен «Соседушки» халық ансамблі өнерпаздарының «Бақыт» атты концерті өтті.

Ауылдық мәдениет үйінің сахнасында ансамбльдің репертуарындағы ең үздік қазақ, орыс, украин, дүнген әндері шырқалып, әсерлі билер орындалды. Сондай-ақ, бұл күні «Соседушки» ансамблінің әртістерінен басқа ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды.
Концерт Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнімен басталды. Ал, «Бақыт» әні көрермендердің қошеметіне бөленіп, осы күні Любовь Лебедина, Лариса Бабешко, Татьяна Савченко, Станислав Насыровтың, Светланы Османова мен Анатолий Бабешконың, Ирина Мякота және Ирина Кравчуктың орындауындағы әндерді көпшілік жылы қабылдады.
Ансамбльдің жетекшісі Любовь Харченконың айтуынша, шығармашылықты паш етіп, Қордай ауданын мекен ететін халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу мақсатында мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса нұр үстіне нұр болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.