БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

0

Өткен аптада қалыптасқан игі дәстүрмен жаңа оқу жылы қарсаңында тамыз конференциясы өтті. Ел болшағының іргетесын қалайтын ұстаздар қауымының алдағы уақытта өскелең ұрпаққа лайықты білім, тәрбие беру мақсатында оқу — білім саласында атқарылар міндеттерді саралайтын тамыз кеңесі жыл сайын өткізіліп келеді.

Аудан ұстаздары бас қосқан жиында аудандық білім бөлімінің басшысы С.Әшірбеков өткен жылда атқарылған және жаңа оқу жылына жоспарланған жұмыстарды атап өтсе, аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбай білім саласын жетілдіру бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ сала бойынша үздік деп танылған ұстаздарға құрмет көрсетіліп, марапаттар табыс етілді.
Жалпы ауданымызда білім саласын дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Оған баршаңыз куәсіздер! Мәселен, соңғы жылдары ауданда қазіргі заман талабына сай жаңа білім беру нысандары іске қосылып, апатты мектептер, үш ауысымды оқыту жүйесі жойыла бастады.
Өткен жылы Күнбатыс-2 ауылында 150 орындық, Масаншы ауылында 600 орындық, Қалғұты ауылындағы 180 орынға арналған мектеп қолданысқа берілсе, биылғы оқу жылында Арал ауылында 180 орынға арналған жаңа мектеп білім күніне орай оқушыларға есігін айқара ашпақ. Одан бөлек №1 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияда, №41 Кенен Әзірбаев атындағы және №24 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
Осылайша кезең-кезеңмен ауылдық округтердің білім беру ошақтарындағы тозығы жеткен және орын тапшылығы мәселесі өз шешімін табуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.