БОЗ КІЛЕМДЕ ЖАС БАЛУАНДАР

0

20-22 мамыр күндері Әлжан ана ауылындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде» Бектен Бектұрғановты еске алуға арналған қазақ күресінен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында ІІ Республикалық турнир өтті.

Аталған жарысқа Түркістан, Алматы, Жетісу облыстары, Алматы, Тараз, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының аудандары командаларынан 200-астам балуандары боз кілемде күш сынасып, өз шеберліктерін көрсетті.
Турнирдің ашылу салтанатында Қордай ауданы әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов ұлттық спорттың дамуы, оның ішінде қазақ күресінің ерекше мәні турасында айта келе, ауданда спорттың дамуына зор үлес қосқан Бектұрғанов әулетіне алғысын айтып, жас балуандарға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Базарбек Бектұрғанов ақсақалға қазақи дәстүрге сай сый-құрмет көрсетілсе, «Қазақстан барысының» үш дүркін жеңімпазы, Әлем, Азия біріншілігінің қазақ күресінен жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев та арнайы келіп, құттықтау сөзін сөйледі.
Айта кетсек, аталған турнирде жүлделі орындарға ие болған балуандар «Спорт шеберіне үміткер» деген дәрежені алу мүмкіндігіне ие болды.
Жүлделі орындарға ие болған балуандар медаль, диплом және ақшалай сыйлық пен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.