«Дін және дәстүр құндылығы»

0

Елімізде биыл «Ұлттық спорт күні» алғаш рет тойланып отыр. Осы мерейлі күнге орай Әлжан ана ауылындағы «Құдайберген» мешітінің ауласында «Дін және дәстүр құндылығы» атты тақырыпта мешіт жамағаты арасында асық ату және қол күресінен спорттық ойындар өтті.

Көне заманнан келе жатқан, қазақ xалқының төл дәстүрімен ұштасқан ұлттық ойындардан өткен жарыс қызықты әрі тартысқа толы болды. Асық атушылар жамағат алдында шапшаң әрі мерген екендіктерін паш етсе, қол күресіне шыққандар бұлқынған қара күштерін, шымырлықтарын байқатты.

Ойын нәтижесі бойынша асық атудан 1️-орынды Тойшиев Нұрбол, 2-орынды Әшкен Жандос, 3-орынды  Жұмабай Асылбек иеленді. Қол күресінен 1-орынды Жұмабек Нұрым, 2-орынды Құрманбек Санжар, 3-орынды Хожалепесов Марат иеленді.

Жеңімпаз атанған қатысушылар диплом және мешіт тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.