Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімі Санжар Асфендияров атындағы негізгі мектебінде «Жомарт түлек» жобасы аясында «Еңбек түбі – береке» тақырыбында мектеп түлегі Айбек Жолдасбаевпен кездесу өткізілді.
Айбек Жолдасбаев – Арал ауылындағы №25 негізгі мектебінің түлегі, Алматы Техникалық Университетін тәмамдаған. Қазіргі таңда «Карбоз» шаруа қожалығының иесі. Білімді, талапшыл, еңбекқор азаматтың өмір жолы көптеген жастарға үлгі боларлықтай. Айбек Қайратұлы қазіргі таңда жер және мал шаруашылығымен айналысып, шаруасын дөңгелетіп отырған жас кәсіпкер. Кездесу барысында ол окушыларға кәсіпкерлік қызметтің ерекшеліктері туралы айтып, табыс құпиясымен бөлісті және балалардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, оқушыларға кәсіп жүргізудің қыр-сырын, өмірде табыстармен қатар сәтсіздіктер де болатынын айтып, жолыңда қандай қиындықтар кездессе де мойымай, тек алға ұмтылу қажет, деп білімгерлерді ынталандырды. Жас кәсіпкер сұрақтарға жауап бере отырып, табыстың кілті еңбекқорлықта, өмір бойы білім алу мен өзін-өзі жетілдіру екенін атап өтті.
Ж.БАЙМЫРЗА, Санжар Асфендияров атындағы негізгі мектебінің профориентаторы