31 МАМЫР – САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

0

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі 1993 жылы жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заң қабылданып, ҚР Президентінің Жарлығымен 1997 жыл Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды.

Осы уақыттан бастап 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленді.
Жалпы, бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Сол бір зұлмат жылдары «халық жауларын» анықтауға бағытталған солақай әрі әділетсіз саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да жазықсыз жапа шекті. Елде бас-аяғы жүз мыңнан астам адам қуғынға ұшырап, жиырма бес мың адам ату жазасына кесілді. Олардың қатарында алаш зиялылары, ғалымдар, мәдениет және саясат қайраткерлері болды.
Міне, халқымыздың басынан өткен осындай бір нәубет заманды, егемендік жолында еркіндікке ұмтылған арыстарымызды, аштықта қаза болған жандарды еске алған ауданымыздың ардагерлері мен бір топ азаматтары сейсенбі күні Қордай ауылының орталық алаңындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған стеллаға гүл шоқтарын қойып, солақай саясат құрбандарының рухына тағзым етті.
Айта кетсек, жиынға қариялармен қатар, аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мырзағали Күзербаев, аудан әкімдігіне қарасты бөлім және мекеме өкілдері қатысты

Leave A Reply

Your email address will not be published.