Елордамыз еңселі, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

0

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің астанамыз мемлекетіміздің басты мақтанышы, әрі символы. Бұл кең-байтақ отанымыздың жүрегі. Сан ғасырдан бері азаттықты аңсаған рухты бабаларымыздың арманы болған елдің ордасы, ұлттық нақыштағы қайталанбайтын әсемдікке тұнған айрықша қала.

Уақыт озған сайын Астана күнінің маңыздылығы артып, ол тек елордалықтар ғана емес, бүкіл еліміздің асыға күтетін мерекесіне айналды.

Елордамыз қысқа мерзім ішінде кемел келешекке көз тіккен заманауи қалаға, біздің еліміздің саяси-экономикалық және мәдени орталығына айналды.

Елордамыз еліміздің барлық өңірлері үшін дамудың үлгісін көрсетіп келеді.

Қадірменді ағайын! Сарыарқаның сары белінде, ұлан-байтақ қазақ жерінің қасиетті орталығында мемлекетіміздің жаңа астанасының бой көтеруі — Қазақстанның елордасы – қарыштап дамыған мемлекеттің символы.

Қазақ елінің жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!

Бүгінгі мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, әрбір отбасына амандық, елімізге береке — бірлік тілеймін!

Ізгі тілекпен, Бегзат Болатбеков, Қордай ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.