«Фишинг, скам, фейк-трансфер: қазіргі алаяқтық түрлері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары

0

 

Степной ауылының Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінде 8, 9 және 10-сынып оқушыларымен «Фишинг, скам, фейк-трансфер: қазіргі алаяқтық түрлері» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында оқушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, оның ішінде фишинг, скам және жалған ақша аударымдары туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде кездесетін алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары айтылды.

Оқушыларға жеке деректерді, банк картасының мәліметтерін және SMS арқылы келетін растау кодтарын бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу қажеттігі ескертілді.

Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – жасөспірімдердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және алаяқтық әрекеттердің алдын алу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.