НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР, ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

0
Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі e-Jambyl порталында жаңа электрондық қызметтің іске қосылғанын хабарлайды:
«Заңсыз құрылыс бойынша өтініш қабылдау»
Егер сіз заңсыз құрылыс болуы мүмкін нысанды байқасаңыз, енді үйден шықпай-ақ онлайн түрде өтініш жолдай аласыз.
Өтініш беру үшін:
e-Jambyl порталына ЭЦҚ арқылы кіру;
нысанның мекенжайын көрсетіп, картадан орналасқан жерін белгілеу;
фотосуреттерді және қажетті құжаттарды тіркеу;
өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.
Сондай-ақ өтінішті Telegram-бот арқылы беруге болады.
Өтініш қабылданғаннан кейін қаралады. Қажет болған жағдайда материалдар Жамбыл облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданады.
Қарау нәтижесі бойынша жауап пайдаланушының жеке кабинетіне жіберіледі.
Сіздің өтінішіңіз заңсыз құрылыс фактілерін уақтылы анықтауға және тиісті шаралар қабылдауға ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.