ФУТБОЛ АЛАҢШАСЫ АШЫЛДЫ

0

Астана күні мерекесіне орай Қалғұты ауылында кіші футбол алаңшасы қолданысқа берілді.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай қатысып, ізгі тілегін жеткізді.
Жалпы жастардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында ашылған алаңша өз кезегінде жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға септігін тигізбек.
«Қалғұтыда ауыл балаларына арналған жаңа футбол алаңы мен ойын алаңшасы ашылып отыр. Жаңа спорт алаңының ашылуына қомақты үлес қосқан азаматтарға шынайы алғысымды жеткізгім келеді. Бұл нысан ең алдымен жастарымыздың салауатты өмір салтын ұстанып, уақыттарын пайдалы арнаға бұруына себепші болары анық. Осы алаңнан елімізді әлемге танытатын чемпиондар шыға берсін», — деп ізгі тілегін білдірді ауыл үлкендері.
Спорт нысанының ашылу салтанаты ауыл жастары арасында кіші футболдан турнирімен жалғасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.