ФУТБОЛДАН СПАРТАКИАДА ОТТІ

0

18 тамыз – ҚР ҰҚК Шекара қызметі құрылған күні мерекесі аясында Қордай шекара басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп футболдан спартакиада ұйымдастырды. Жастарды, сарбаздарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу, әскери қызметшілердің денсаулығын нығайту, барлық шекара бөлімшелері арасында спортты насихаттау, аудандық, облыстық жарыстарға қатысу үшін мықты командаларды анықтауды мақсат еткен бұл спорттық шараға бірнеше команда қатысты. Атап айтсақ, «Бетқайнар», «Қаракемер», «Қордай», «Өтеген», «Жасыл төбе», «Сортөбе», «Еңбек» шекара бөлімшелері және шекара басқармасының командалары футбол алаңында сап түзеді. Тартысты өткен жарыстар барысында үздік командалар мен үздік ойыншылар анықталып, марапатталды.

-Бүгінде елімізде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында көптеген іс-шаралар қолға алынған. Біздің шекарашыларымыз да шет қалмайды. Осындай спорттық шаралар өткізіліп, жас сарбаздар мен жастар арасында спортты дамытуға өз үлестерін қосып келеді, — деп атап өтті «Қордай» шекара басқармасы бастығының тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыс бойынша оранбасары, подполковник Нұрбек Орақов.

 

Алуа Турганбаева

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.