«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «МҰҚАН ТӨЛЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ бос тұрған қосымша білім педагогтары лауазымына конкурс жариялайды
Орналасқан мекенжайы: Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би, 60.
Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы педагогтары: домбыра, суырып салу (ақын-айтыскер) , фортепиано, жетіген, сыбызғы, сазсырнай, саксофон, музыка теориясы/сольфеджио/ этносольфеджио, қазақ/әлемдік музыка әдебитеті, бейнелеу өнері, қуыршақ театры, компьютерлік графика, киім үлгілеу/модельер-дизайнер, көркемсөз негіздері(қазақ/орыс тілд.), зергерлік/металлмен жұмыс, хореография.
Лауазымдық міндеттері:
қосымша білім беру саласында білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады;
білім алушылардың құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына, білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
білім алушылардың дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады;
білім алушылардың жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды;
білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды;
дарынды және талантты білім алушыларды оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды;
әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады;
білім алушылардың каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады;
сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады;
ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;
әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады;
жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттырады.
білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;
оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;
басшының орынбасарымен бірлесіп оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;
төтенше жағдай енгізілген жағдайларда әрекет ету жөніндегі іс-шараларды пысықтайды, қорғаныс құрылыстарының, азаматтық қорғаныс бойынша жеке қорғаныс құралдарының дайындығын қамтамасыз етеді;
оқу-тәрбие процесінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады.
- Білуге тиіс:
ҚР Конституциясы, ҚР «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары және білім беру қызметін, ҚР білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы;
педагогикалық этиканың нормалары;
тәрбие жұмысының әдістемесін, өнімді, сараланған, дамытушылық оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыру;
білім алушылармен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтермен байланыс орнату, жанжалды жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістері;
білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары.
- Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық бейіндегі техникалық және кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және біліктіліктің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін — кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін-кемінде 4 жыл мамандығы бойынша жұмыс өтілі;
және біліктіліктің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі — кемінде 5 жыл;
- Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:
1) «педагог-модератор» 2) «педагог-сарапшы» 3) «педагог-зерттеуші» 4) «педагог-шебер» талаптарына сай.
Лауазымдық жалақы: Еңбек өтіліне және сағаттық жүктемесіне байланысты 100000 теңгеден бастап.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін үміткер хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде 08.08 – 18.08.2025 ж. аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би, 60а Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, № 11,15 бөлмелерге құжаттарды ұсыну керек.
Байланыс тел.: 87028949433, oner23@bk.ru.
Конкурстың өткізіліетін күні, уақыты мен орны: 20.08.2026 ж. (дүйсенбі), 11.00 сағ., Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би, 60 а, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің Мұқан Төлебаев атындағы өнер мектебі.