Қордай АЭЖ кернеуі 10/0,4 кВ қолданыстағы электр қондырғыларында құрылыс-монтаждау, жөндеу және баптау жұмыстарын жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын барлық мердігерлік және басқа ұйымдардың назарына жеткізеді.
Жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алу және электр желілігі кешенінің жабдықтарына зақым келтіруді болдырмау мақсатында ескертеміз:
Бөгде ұйымдардың персоналы 10/0,4 кВ электр қондырғыларында орындайтын кез келген жұмыстар міндетті түрде наряд-рұқсаттаманы ресімдей отырып және оны ала отырып, энергиямен жабдықтаушы ұйыммен келісілуі тиіс.
Қолданыстағы электр қондырғыларында немесе олардың қорғау аймақтарында ресми наряд-рұқсаттаманы келісусіз және ресімдеусіз жұмыстарды орындауға қатаң тыйым салынатынын ескертеміз. Бұл талап қолданыстагы қауіпсіздік техникасы ережелерімен және электр қондырғыларын орнату және пайдалану ережелерімен регламенттелген.
Рұқсатты келісу және алу тәртібі:
Наряд-рұқсаттаманы алу үшін бөгде (мердігерлік) ұйымның өкілі алдын ала мыналарды орындауға міндетті:
- Жұмыстардың сипатын, дәл орнын және жоспарланған мерзімдерін көрсете отырып, Қордай АЭЖ-ге ресми өтінім беру.
- Қажетті құжаттаманы ұсыну:
— Жұмыстарды жүргізу жобасы (ЖЖЖ) немесе технологиялық карта;
— Электр қауіпсіздігі бойынша топтары көрсетілген, жұмысқа тартылатын білікті персоналдың тізімі;
— Электр қондырғыларында жұмыс істеу ережелерін білуін тексеруді растайтын құжаттардың көшірмелері.
- Қауіпсіздік шарттарын келісу: Диспетчерлік қызметпен жұмыс жүргізу схемасын, жұмыс орнын дайындау тәртібін және желілерді ажырату қажеттілігін келісу.
- Нұсқамадан өту: Кіріспе және мақсатты нұсқамадан өтіп, уәкілетті тұлғадан ресімделген наряд-рұқсаттаманы алу.
Бұзушылықтар үшін жауапкершілік
Наряд-рұқсаттамасыз 10/0,4 кВ электр қондырғыларында жұмыстарды өз бетінше жүргізу адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төндіреді, сондай-ақ тұтынушылардың апаттық сөндірілу қаупін тудырады.
Рұқсатсыз жұмыстар анықталған жағдайда:
- Жұмыстар дереу тоқтатылады;
- Бұзушылықтар туралы ақпарат кінәлі тұлғаларды заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тарту үшін уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі.
Қордай АЭЖ әкімшілігі