КӘСІПКЕРЛЕР ДЕМЕУШІЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУДЕ

0

Соңғы 7 айдан бері әлемді әлекке салған коронавирустық инфекциямен күрес Қордай ауданында өз деңгейінде жолға қойылған. Бұл іске жергілікті кәсіпкерлер де жұдырықша жұмылып, өз қаражатынан дауасыз дертпен күресте ауадай қажет өкпені жасанды желдету, оттегі концентраторы сынды құрылғыларды сатып алып, ауруханаға тарту етуі көңілге қуаныш ұялатып отыр. Табыстан бұрын азаматтық жауапкершілікке ден қойған қордайлық атымтай жомарттар қазірдің өзінде жергілікті денсаулық сақтау қызметіне 4 оттегі концентраторын алып берді. Кәсіпкерлердің енді бір шоғыры аудандық аурухана жанынан құрылған провизорлық бөлімшені қосымша төсек орнымен жабдықтауға үлес қосты. Олар осы бөлімшедегі 30 төсек орнынын матрас, жастық, көрпе сынды қажеттіліктермен қамтамасыз етті.
Кәсібін ауданда жүргізіп отырған шетелдік инвестор да денсаулық сақтау мекемесіне 1 дана өкпені жасанды желдету аппаратын алып беруге ниет танытып отыр. Дауасыз дертке шалдығып, өмір үшін жан дәрменімен күресіп жатқан науқастарға қажетті тағы 1 дана өкпені жасанды желдету аппаратын алуға жергілікті кәсіпкерлер қаржы жинап, тапсырыс беріп те қойды. Сондай-ақ демеушілердің көмегімен 6 дана оттегі концентраторы алынбақ.
Мұнан бөлек демеушілердің қаржысымен 10 пульсоксиметрдің ақысы да төленіп, алынды. Мешіт жамағаты да коронавирустық инфекциямен күреске қал-қадірінше үлес қосу мақсатына қаржы жинап, әлеуметтік жағдайы төмен, әрі мұқтаж отбасыларға трембапол, асперин, парацетомол сынды дәрілерді алып беріп, таратты.
Ауданға аты танымал кәсіпкерлер тәулікпен санаспастан дертпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген медицина қызметкерлеріне түскі ас та ұйымдастырды.
Аймақтағы коронавирустық инфекциямен күрестің енді бір бағыты азаматтардың карантиндік талаптарды қатаң сақтауын бақылау сипатында өрбуде. Бұл жұмыстарды жауапты қызмет өкілдері мүшелікке өткен құрамында аудан әкімінің орынбасары Б.Жамангозов, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мен полиция қызметкрелері, сондай-ақ аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен округ әкімдері бар мобильді топ арнайы мониторингтік топтар жүргізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.