Кенен ауылдық округінде «Тәртіп бар жерде – тыныштық бар» атты рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Рейдке ауылдық округ әкімі А. Жылыбаев және округ әкімдігі қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында мотоцикл және мопед жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін сақтауына ерекше назар аударылды. Әсіресе, кәмелетке толмағандардың көлік құралдарын басқаруына жол бермеу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Рейдтің негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындар арасында жол қозғалысы ережелері мен заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті нығайту.
Қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік. Жол ережесін сақтау – өз өмірің мен өзгенің қауіпсіздігін қорғау.