КЕНЕНДЕГІ НАУРЫЗ НЫШАНДАРЫ

0

Наурыз мерекесін тойлауда Кенен ауылы жылдағы дәстүрінен танған жоқ. Ұлан-асыр тойға ұласатын бұл мерекеге кенендіктердің ықыласы ерекше. Иықтарына көркем шапандарын жамылған ауыл ақсақалдары, ақ кимешегін киіп, жанына немерелерін ерткен әжелер Наурызға арналған іс-шара ұйымдастырылып жатқан ауыл орталығына ағылды. Орталықтағы әсем безендірілген сахнада ауылдастарды алдымен округ әкімі Нүркен Жаманкөзев құттықтап, одан кейін мерекелік думанның тиегі ағытылды. Әр көше болып бата беруден бастап дастархан жаю, қазақтың ұмыт бола бастаған дәстүрлерін сахналап көрсету, көрме, ән мен биден сайысқа түсетін кенендіктер наурыздың нағыз нышанын келтіре атап өтті.
Думанды кеш ақын ауылының өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, ән мен биден шашу шашылып, дастархандарда наурыз көше сапырылып жатты.
Түс ауа ауыл жастарының ұйымдастыруымен және де демеушілігімен спорттық ойындардан жарыс өтіп, Кенен ауылындағы думан мейманасы көпке дейін басылмады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.