1-2 қараша күндері жасөспірімдер және қыздар арасында каратэ-до Киокушинкайдан «Барыс Кубогы» үшін ашық турнир өтті. Бұл жарысқа Қазақстанның әр өңірінен және көршілес елдерден, атап айтқанда Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінен 150 спортшы қатысты. Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалалары мен Қордай, Меркі аудандарынан келген спортшылар жоғары шеберліктерін көрсетіп, жарысты тартысты әрі қызықты өткізді.
Турнир нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы кубок, медаль және дипломдармен марапатталды. Бұл жарыс каратэ-до Кёкушинкайдың елімізде кеңінен дамуына және жас спортшылардың тәжірибе алмасуына зор ықпалын тигізді. Спортшылардың ерік-жігері мен шеберлігі жанкүйерлердің жоғары бағасына ие болды.