КОЛЛЕДЖ ҮШІН ТАБЫСТЫ ЖЫЛ БОЛДЫ

0

Өткен аптада аудан жастарына кәсіптік білім беретін №7 Бетқайнар колледжінің директоры Гүлнәр Әлімбаева 2022-2023 оқу  жылында атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

Білім мекемесінде қазіргі таңда 500-ден астам студент білім алуда.  «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында – 76, «Ауыл шаруашылығын  механикаландыру» мамандығында – 212, «Дәнекерлеу ісі» мамандығында – 71, «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығында – 210 білімгер бар.

2022-2023 оқу жылы 200 түлек оқуын аяқтаса, оның 127-сі тұрақты жұмысқа орналасқан. А/ш механикаландыру мамандығы бойынша – 62, Жеміс көкөніс шаруашылығы бойынша –18, Дәнекерлеу ісі бойынша – 16, Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу – 32 оқу бітіруші жұмысқа тұрды.

№7 Бетқайнар колледжінде жалпы қызметкерлер саны – 103. Оның ішінде 46 кіші қызметкер, 57 педагог, 4 қоса қызмет атқаратын педагогтер қызмет етеді. Тиісті бейіні бойынша жоғары педагогикалық білімі бар педагогтар – 57. Оның ішінде жоғарғы -8, бірінші – 10 санатты, екінші санат – 6, педагог-модератор – 13, педагог-сарапшы – 7, педагог-зерттеуші – 1. Ғылым докторы (PhD докторы, кандидат), магистр дәрежесі бар оқытушылар: жалпы магистр дәрежесі бар оқытушылар саны — 5. Педагогика ғылымдарының магистрі-1; химия  мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі-1; экология мамандығы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі-1, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі -1, физика педагогтарын даярлау  ғылымдарының магистрі-1.

2023 жылы жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша Педагогикалық шеберлік орталығынан 10 жалпы білім беру пәндері педагогтері біліктілікті арттыру курсынан өтті. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы педагогтерінің кәсіби құзіреттілігін арттыру» тақырыбындағы «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан 11 арнайы пән оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері және 1 директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, 1 директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, 1 әдіскер, «WorldSkills стандарттары бойынша сарапшыларды дайындау және сертификаттау» курсынан 1 арнайы пән оқытушысы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Жалпы колледж педагогтері 100% біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Оқу орны мамандықтар бойынша қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілген. Оқу дәрісханалары – 19, тігін шеберханалары – 4, спорт залы – 1, асхана – 1,  медкабинет -1,  шеберхана — 2, жатақхана – 1, Оқу полигоны – 1, оқуға құштар колледж бөлмесі – 1, жылыжай – 1. Дербес компьютерлер-106, ноутбук-59, интерактивті  тақталар – 17,  интерактивті панель – 8, проекторлар -12,  теледидар – 2, принтер – 13, түрлі түсті принтер- 3,   принтер 3/1 А4 -8, факс – 1, модем – 6, фотоаппарат – 2,  плоттер – 2, ламинатор – 1, переплет аппараты – 1, ксерокс А4 -2, бейне бақылау камерасы – 40, мультимедиялық  подиум – 1, мультимедиялық подиум тақтасы – 1, QR –кодпен ашылатын IVOX смарт стенді  химия пәніне-1, QR–кодпен ашылатын IVOX смарт стенді, Виртуалды шыны көзілдірігінде трактор бөлшектерін жинау тренажері.

Оқу шеберханалары

Дәнекерлеу шеберханасы – 176 шаршы метр,  10-посттық дәнекерлеу аппараты, жартылай автоматты дәнекерлеу аппараты – 2, аргон аппараты-1, газбен дәнекерлеу аппараты-1, инвекторлық дәнекерлеу аппараты – 3, арнайы киімдер – 25 дана, қолқап, аяқ киім – 25 дана. Тігін шеберханаларының көлемі – 241 шаршы метр, киім шкафтар – 6, тігін машиналары – Spartak — 6 дана, оверлок Spartak — 1 дана, Janome — 10 дана, Brother — 12 дана, Jahk — 15 дана,  оверлок 51A — 3 дана. Ауыл шаруашылығын механикаландыру шеберханасы — 176 шаршы метр, жылыжай – 192 шаршы метр, ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығында Комбайн  john deere-1, Комбайн Енисей -1,Трактор МТЗ-80 — 3, Трактор deutz fahr-1,Трактор тіркемесі-2, жүк көлігі Камаз-1, Газ-53-1, газ-52-1, жеңіл көліктер Ваз 2107 -1, Ваз-2115-1, Соқа 3-корпусты-1, соқа -5 корпусты-1, Дән сепкіш –2 дана, дән шашқыш-2 дана, эксковатор погрузчик-1 дана, интерактивті панельдер-3, виртуалдық тренажерлар-3, ЖҚЕ стендттер мен жаттықтыру тренажерлар, культиватор, қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар, арнайы киімдер. Жеміс көкөніс өсіруші мамандығы бойынша-жылыжай қарастырылған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдайлар жасалған:  Өткізу пункттері – 2, пандус – 2, кіру жолдары – бар, шақыру түймесі  бар, баспалдақтарды пандустармен жабдықталған. Өткізу пункті (турникет) -1,  Контингент туралы өзекті дерекқорлары бар білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесі, edu.kz аймағында үшінші деңгейдегі домендік атауы беріліп тіркелген.  Жер телімі 229 га; отырғызылған ағаштар  — 400 түп алма ағашы; 100 түп павлонья ағашы; 30 га күздік бидай, 20 га арпа;

Жатақхана жұмысы

Жалпы жатақхана  807.7 шаршы метрді алып жатыр. Әр бөлме 17,1 шаршы метрді құрайды. 2023 жылы жатақхана ағымдағы жөндеуден өтті. Жалпы сыйымдылығы 150 орынға арналған,  71  тұратын бөлмесі бар. Студенттер тұратын бөлмелерде екі есікті шкаф,  сабақ орындайтын үстел мен орындық және төсек орындармен қамтамасыз етілген. Әр бөлмеде 2 студенттен тұрады. Жатақханада 3 демалатын қонақ бөлмесі, 2 теннис ойнайтын бөлме, екі асхана, киім жуатын, кептіретін бөлмелер, 4 дәретхана мен жуынатын бөлмелер бар. 1 теледидар, 2 кір жуғыш машинасы, 4 үтік,  4 тоңазытқыш, 2 су жылытатын тен, 1 су диспансеры, 2 жүгіретін тренажер бар.

Қазіргі таңда өтініштер бойынша 100 студент орналастырылған.  Жатақханада студенттер өміріне қажетті жағдай жасалған. Бірінші қабатта кітапхана, оқу залы, оқуға құштар колледж, дәрігерлік пункт, оқу кабинеттері  орналасқан.

Тігін кәсіпорны

Бетқайнар колледжінде кәсіпорын ашу мақсатында 2023 жылы бос тұрған ғимаратқа 51 миллион теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорынға құрал-жабдықтар алу үшін жергілікті бюджеттен 90 миллион қаражат бөлінді. Қордай ауданы тұрғылықты жер бойынша Қырғыз мемлекетімен шекаралас болған колледжге білікті мамандар тарту мақсатында «Ай Tex» жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен екі жақты келісім шарт жасалынды. Келісім шартта кәсіпорынға тапсырыс алу және құрал-жабдықтарға сервистік қызмет көрсету аталған жауапкершілігі шектеулі серіктестік  «Ай Tex» міндетінде. Бүгінгі таңда үлкен тапсырыстар қабылдау үшін келіссөздер жүргізілуде. Осы кәсіпорынның жұмысында ЖК «Айтынбет»  басшысы Жетпісбаева Жанар тәлімгер ретінде бағыт-бағдар беріп, көмек көрсетуде. Колледжде қысқа мерзімді оқыту курсын оқып, жұмыспен қамту орталығынан келген екі азаматшаны жұмысқа қабылдадық. Сонымен өзіміздің жоғарғы курс студенттері өндірістік сабақтары мен кәсіптік практикасын осы кәсіпорында өткізуде.

Білімгерлердің  жетістіктері

21 сәуір 2023 жылы Астана қаласында Н.Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігі «Қазақстан студенттерінің Альянсы» Республикалық студенттер қозғалысымен «Meta MEET» XIX дәстүрлі Республикалық студенттер шақырылымы өтті. Шараға №7 Бетқайнар колледжінің студенттік парламентінің белсенді мүшесі 1 курс 13 топ студенті Нұрмұрат Нұржан мен жастар ісі жөніндегі педагог ұйымдастырушы Эрик Алишер Маратұлы қатысты.

Қордай ауданының 95 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ел іші-өнер кеніші» атты байқауының көркем сөз номинициясы бойынша Жүлделі ІІ-орынды 1 курс білімгері Нұрмұрат Нұржан иеленді.

2023 жылы «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 1 курс 18 тобының студенті Фушанло Салим Харбиевич “Кикбоксинг” атты спорт түрінен Қазақстан чемпионы атанды, «World Skills Kazakstan 2023» Республикалық чемпионатына 3-курс студенті Бор Рамина «Сән технологиясы» құзіреттілігі бойынша сайысқа түсіп, жүлдегер атанды. Жетекшісі – Нұржан Жұмашева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.