МҰРАЖАЙҒА САЯХАТ

0

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық музейде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Ең алдымен бұл күнгі музейге келушілер назарына балалар шығармашылығының көрмесі ұсынылды. Көрменің мақсаты — жасөспірімдерді шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, шеберлігін көрсету. Көрмеге қолөнермен айналысатын оқушылардың мата, түрлі-түсті қағаздан, моншақпен кестелеу жұмыстары, тоқыма, тері және т.б. қолөнер туындылары қойылды. Түрлі техникамен жасалған қолөнер үлгілері көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Ең алғашқы келушілер аудан орталығындағы «Айлана шуақ» балабақшасының «Пчелки» және «Көгершін» топтарының балақайлары болды. Олар музей залдарын аралап көріп, жәдігерлермен танысты. Мерекеге орай әрбір келген балаға музей ұжымының атынан түрлі-түсті шарлар мен бояуға арналған шағын кітапшалар тарту етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.