УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЛАРЫ КҮНІ

0

Қордай аудандық полиция бөлімінде 30 тамыз – Учаскелік полиция инспекторларының күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бағытында қажырлы еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді.

Сала қызметкерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, олардың ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі еңбегіне жоғары баға берілді.

Учаскелік полиция инспекторлары – тұрғындармен тікелей байланыста жұмыс істеп, құқықтық тәртіпті нығайтуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жүрген маңызды буын.

Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, жауапты қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық және ел игілігі жолындағы еңбектеріне сәттілік тілейміз!

Ел тыныштығын күзеткен ер еңбегі – әрдайым құрметке лайық!

Leave A Reply

Your email address will not be published.