Мектеп атынан сыйлық

0

Қордай ауылында Талғат Нүсіпбаев атындағы жекеменшік бастауыш мектеп бой көтерді. Білім ошағының көркем ғимараты биылғы оқу жылына балаларды қабылдауға дайындықты пысықтау үстінде. Осыған байланысты мектеп атынан аздаған қайырымдылық та ұйымдастырылды.

Сәрсенбі күні олар мүмкіндігі шектеулі тұрғын Бауыржан Шомаковтың отбасына арнайы барып, су жаңа тоңазытқыш пен автомат кір жуу машинасын сыйға тартты. Жақында ғана жаңа пәтерге көшіп келген отбасы үшін бұл тамаша сыйлық болды. Олар өз атынан алғыстарын айтып, жаңа мектепте үнемі балалар күлкісі кетпесін, сапалы білім ордасына айналсын деген тілектерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.