Шығармашыл балақайлар

0

Жақында М.Төлебаев атындағы өнер мектебінің педагогтары мен музыкалық бөлім оқушылары оқу жылының қорытындысы ретінде шығармашылық есеп берді. Ал көркемсурет бөлімінің мұғалімдері мен оқушылары өз жұмыстары, картиналары және қолөнер бұйымдарын көрмеге және жәрмеңкеге дайындап жатты. Шар ілінген залды безендіруде жас суретшілерге мектеп қызметкерлері С.Бигелдинова және К.Елкондиева көмектесті.

Шараның салтанатты бөлігін мектеп директоры Г.Алмешова ашып берді. Жас музыканттар емтихандық шығармаларын орындады. Бұдан соң ең үздік оқушылар мен мұғалімдер марапатталды. Жыл бойғы тынымсыз еңбектенген педагогикалық ұжым болса әрбір оқушының жетістігі үшін қуанышын жасырмады.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Абдығожаеваның басшылығымен ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны «Ата толғауы» күйімен мектеп оркестрі ашып берді (жетекшісі А.Битешева), мектеп оқушысы Н.Бейсен  «Қордайым» әнін орындады.

Залға жиналған мұғалімдер, ата-аналар мен көрермендер оқушылар М.Носовская мен А.Қаржаубай (жетекшісі С.Васина), А.Дәулетбек, Б.Елшан, А.Алтынбек (У.Кенесалиева), Т.Зотова (Э.Петкова), Д.Насырова (О.Беспалова, К.Мұратбекова), Д.Зайцев (Н.Мусабай), ортаншы хор құрамы (Н.Рамазанова), А.Мұхтар және А.Мади (Я.Ким) пен концертті қорытындылаған талантты оқушы Д.Ұшқанбек пен оның ұстазы домбырашы Қ.Ахметов орындаған шығармаларды қошаметпен қарсы алды.

Мектептің барлық ата-аналары атынан  А.Әбсалим құттықтау сөз сөйлеп, алғысын білдірді.

Көркемсурет бөлімінің педагогтары А.Перевозчикова, Р.Абдықожаева, В.Колосова, К.Баекенова және болашағынан үміт күттіретін жас ұстаз О.Симашова Қордай ауылының орталық саябағында мектептің талантты балаларының қаламынан туған туындыларының жәрмеңке-көрмесін ұйымдастырды.

Дәл осы жаздың шуақты күнінде мектепті 28 түлек бітіріп шықты, олардың жетістіктері аталып өтіп, куәліктер табысталып, ізгі тілектер айтылды.

Шығармашылық – тәрбие тәрізді үздіксіз процесс. Мектепте жазғы кезеңге де көптеген қызықты шаралар жоспарланған.

 

Ж.Абдығожаева, М.Төлебаев атындағы өнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.