«Мектепке жол» акциясы — ізгілікке бастар жол!

0

Жаңа 2026-2027 оқу жылы қарсаңында еліміз бойынша дәстүрлі түрде ұйымдасты-рылатын «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында мектебімізде игі бастама жалғасын тапты.

Акцияның басты мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың балаларына көмек көрсету, оқушылардың жаңа оқу жылын алаңсыз бастауына жағдай жасау және қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Осы игі шараға мектебіміздің түлегі, ауылымыздың белсенді азаматы, кәсіпкер Акимбаев Сәбит Сәрсенбайұлы ерекше қолдау көрсетті. Ол 2026–2027 оқу жылына дайындық барысында 100 балаға мектеп сөмкелері мен іші толық оқу құралдарын сыйға тартты.

Бұл – ауыл балаларына жасалған үлкен қамқорлық әрі туған жерге деген жанашырлықтың жарқын үлгісі. Сөмкенің ішін қажетті оқу құралдарымен толықтырып, балаларға қуаныш сыйлауы – Сәбит Сәрсенбайұлының жас ұрпаққа деген ықыласы мен жауапкершілігін көрсетеді.

Жақсылық жасау – үлкен жүректен. Осындай қайырымды іс арқылы ауылымыздың бірлігі тағы бір мәрте көрінді.

Қарасай ауылындағы Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп ұжымы мен ата-аналар атынан Акимбаев Сәбит Сәрсенбайұлына көрсеткен демеушілігі, балаларға жасаған қамқорлығы және игі бастамасы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

Жақсылықтың жаршысы болған азаматқа зор денсаулық, отбасына амандық, кәсібіне береке, еңбегіне толағай табыс тілейміз!

«Мектепке жол» акциясы аясындағы бұл игі іс – өскелең ұрпаққа көрсетілген қамқорлықтың және туған ауылға деген сүйіспеншіліктің жарқын көрінісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.