«ОРНЫНДА БАР ОҢАЛАР…»

0

Соғыс… Атауының өзі қорқыныш ұялатады. Соғыс жылдары оңай болған жоқ, бірақ Ұлы Отан соғысының батырлары өз өмірі мен денсаулығын құрбан етіп, фашистерді жеңді. Сондықтан біз оларға майданда ешқашан үзілмеген үміттері үшін, жеңіске деген жігерлері үшін өмір бойы парыздармыз. Жыл өткен сайын сол қанды соғыстың тірі куәгерлері азайып барады, бірақ осы тарихи оқиға адамзат жадынан жойылады деген емес. Оны әркім біліп, есінде сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуі керек. Соғыс қаһарманы – өмірді құтқарушы. Мейлі мың адамның өмірі болсын, мейлі бір адамның – ол маңызды емес. Батырлық дегеніміз өткен ғасырдағы сарбаздар сияқты елі үшін өзін құрбан етуге дайын болу. Майданда шайқасқандар нағыз ерлік пен жанқиярлықтың үлгісі.

Түстембай Тілепбергенов үшін соғыс 1942 жылы басталды. Оған дейін қысқа болса да, әке-анасымен бірге өткізген балалық шақты бастан кешті.

Кейіпкеріміз 1923 жылы Күнбатыс ауылында дүниеге келген. Үш жасында әкесінен айырылды, 1939 жылы анасы дүние салды. Рүстембай Тілепбергенов үлкен ағасы Ермекбайдың отбасында тәрбиеленді. 1933 жылы жергілікті мектепке барып, 1936 жылы Қарақоңыздағы (қазіргі Масаншы ауылы) орта мектепке ауысты. 9-10 сыныпты Қасық (бүгінгі Әлжан ана) орта мектебінде оқып бітірді. Бұл 1942 жыл еді. Сол жылы әскер қатарына шақырылды.

Ереван қаласында 40-шы шекара отрядында атқыш болып қызмет етті. Келесі жылы ол Сухумидегі кіші командирлер мектебіне оқуға түсті. Оқу кезінде Кавказ майданының 112-шекара полкі құрамында жасақ командирі ретінде ұрыс қимылдарына қатысқан. Одан кейін Жаркенттегі 11-ші әскери полкінде жасақ командирі қызметін атқарды. Майдангер Р.Тілепбергенов 1949 жылы демобилизацияланған.

Туған өңірге оралған соң аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. Аудандық партия комитетінің нұсқаушысы қызметін де атқарды. Содан ұзақ жылдар бойы, яғни 1982 жылы өмірден озғанша аудандық мәдениет бөлімін басқарды. Білікті басшы әрі ұйымдастырушы әрқашанда өзгелерден ерекшеленетін: қандай қызмет атқарса да оны құрметтеп, сыйлайтын. Үкімет Р.Тілепбергеновтің еңбегін лайықты бағалады. Бұған «Кавказды қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдары, аудан, облыс басшыларының көптеген марапаттары дәлел.

Рүстембай Тілепбергенов үлгілі отағасы болды. Жұбайы, Қасық ауылының тумасы Балбал Тілепбергенова (өз әкесінің тегімен Шурина). Балбал Қонақбайқызы аудандық ауруханада ұзақ жылдар оториноларинголог болып еңбек еткен. Жұбы жарасқан ерлі-зайыптылар алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірді. Қыздары Ғалия мен Рауза анасының кәсіби жолымен медицина саласында еңбек етті. Ұлдары Мұхтар, Асқар және Арыстан да өмірде өз жолдарын тауып, Қордайда, Алматыда және Астанада еңбек етіп жүр.

Бүгінде қаһарман атасының даңқты жолын немерелері жалғастырып келеді. Руслан Ішкі істер министрлігінің академиясын тәмамдаған. Рүстем (нағашы атасының есімімен аталған) Тараз мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірген, қазір Америка құрама штаттарында (Пенсильвания штаты) жұмыс істейді. Бауыржан риэлтор болып қызмет етеді.

Қазақ халқында «орнында бар оңалар» деген қасиетті сөз бар. Бұл дегеніміз –артында ұрпағы қалған алған адамның есімі өпшейді. Біздің кейіпкеріміздің бұл өмірден өткеніне көптеген жылдың жүзі болса да оның есімі, Жеңіс жолындағы жанкештілігі, Отаны мен болашақ ұрпақ үшін сіңірген ерлігі мен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.

…Ұлы Жеңістің 81 жылдығында дәстүр бойынша майдан батырларының ұрпақтары бас қосып, аталарының рухына тағы бір мәрте тағзым етіп, немерелері мен шөберелеріне майдан даласындағы жауынгерлердің ерлігі жайлы айтып отырады. Яғни, біз Жеңімпаздың ұрпағы екенімізді ұмытпауымыз керек.

Анжела ИЗАЕВА

Leave A Reply

Your email address will not be published.