Жылдам өзгеріп жатқан заманда отбасы құндылықтарын арттыру мен жетілдіруде ата-ананың отбасылық қарым-қатынас мәдениетіне де талаптар өзгерген. Уақыт талабына сәйкес бала тәрбиелеу ата-ананы қоғам, орта, мектеппен тығыз байланыстырады.
Бүгінде мектеп бағдарламасында әлемдік тәжірибеден өткен «Отбасы- орта мектеп» жобасы енгізілген. Өткен аптада Қордай ауданы білім бөлімінің «Балалар жылына» арналған жұмыс жоспарының негізінде атаулы жобаны іске асыру мақсатында «Отбасыммен мақтанамын!» атты отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы мүшелерінің бірлігін нығайту мақсатында отбасылық байқау, «Әкем, шешем және мен!» тақырыбында отбасылық эстафета өтті. Эстафетаның мақсаты отбасы мүшелерінің денсаулығын, белсенділігін нығайту, спортқа сүйіспеншілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау болды. Аудандық шараға аудандық ардагерлер ұйымының, аудандық аналар алқасы мүшелері, жастар орталығының, жасөспірімдер шығармашылық орталығының мамандары шақырылды.
Ақмарал ҚОНБАЕВА,
аудандық білім бөлімінің әдіскері