ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРДІҢ БАҚЫТТЫ БАСТАУЫ

0

Қордай ауданының тұрғындары 26.06.2026 сияқты әдемі күнге ерекше қызығушылық танытуда. Көптеген жұптар дәл осы символдық мәні бар күні некелерін қиюды жөн көріп, оны отбасылық өмірлерінің берекелі де бақытты бастауы деп есептейді.

Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, 2026 жылғы 26 маусымға некені тіркеуге 9 жұп өтініш берген. Оның ішінде 3 жұптың неке қию рәсімі салтанатты жағдайда өтеді.

Ерекше мағынаға ие бұл әдемі күн көптеген жас жұбайлар үшін өмірлеріндегі ең маңызды әрі есте қаларлық сәттердің біріне айналмақ. Олардың жаңа шаңырақтары шаттыққа, сыйластыққа және баянды бақытқа толы болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.