ОТБАСЫМ – МАҚТАНЫШЫМ!

0

Гвардейск гарнизонында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай спорттық іс-шара өтті.

Мерекелік спорттық шара 40-шы «Отар» Әскери базасының бастығы – «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Ержан Мейрмановтың басшылығымен және 40-шы «Отар» Әскери базасының әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жетекшісі Қарулы күштер қызметкері Сандуғаш Наханованың ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен» атты отбасылық эстафета жарысы өткізілді.
Ауған соғысының ардагерлері мен әскери қызметшілер және қалашық тұрғындары спорттық шараны тамашалады.
Эстафеталық жарысқа гарнизондағы барлық әскери бөлімдердің командалары қатысты. Яғни әскери қызметшілердің отбасы мүшелерінен құралған әр әскери бөлімнен бір-бір команда қатысты. Атап айтқанда – «Басқарма», «Сұңқар», «Танкішілер», «Зеңбірекшілер», «Қыран», «Самға», «Мәтібұлақ», «Жігер» командалары.
Отбасы мүшелерінен құралған командалар – допты екі аяқтың ортасына қысып, мәреге дейін секіріп барып қайту, үлкен қаптың ішінен өту арқылы мәрені айналып қайту, қапты аяғына кию арқылы мәреге дейін секіріп барып қайту, таяқты бір-біріне беру арқылы мәрені айналып жүгіру, қатар тұрған шеңбер құрсауларының арасынан өту және арқан тарту сияқты эстофета түрлерімен жарысты.
Әділ-қазылар төрағасы 40-шы «Отар» Әскери базасы бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Ерлан Нуралин және әділ-қазы алқасының мүшелері №3-ші Балалар – жасөспірімдер орталығының директоры Жанат Шағырбай, Отар ауылдық әкімшілігінің бас маманы Гүлзат Қондыбаева, Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтының бас маманы Мұратбек Жасыбаев, Гарнизондық спорт кешенінің бокстан жаттықтырушысы 3-ші сынып сержанты Өсер Итебаев жарысты бақылап, әділ бағаларын берді.
Жарыс нәтижесі бойынша жарысқа қатысқан 8 команданың ішінен 1-ші орынды 30212 әскери бөлімінің «Сұңқар» командасы жеңіп алса, 2-ші орынды 75263 әскери бөлімінің «Қыран» командасы иеленді. Ал 3-ші орынды 28123 әскери бөлімінің «Басқарма» командасы мен 01098 әскери бөлімінің «Мәтібұлақ» командасы жеңіп алды.
Шара соңында гарнизон бастығы полковник Ержан Мейрманов жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда мүшелерін грамота, медальдармен мараппаттап, кубоктар табыс етті.
Айта кету керек спорттық шарада 30212 әскери бөлімі мен 21450 әскери бөлімінен құралған әскери оркестр құрамы музыкалық аспаптармен әсерлі әуендерді тарту етті.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.