РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

0

Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясында 5-6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың екінші аудандық кезеңі өтті.

Олимпиада жалпы білім беретін пәндер бойынша дәстүрлі форматта ұйымдастырылды. Кім мықты және ақылдыны анықтау мақсатында бүкіл ауданнан оқушылар жиналды. 1 ақпан күні 5-сынып оқушылары арасында өтсе, 2 ақпан күні 6-сыныптар арасында өтіп, бірінші күні  266 оқушы, ал екінші күні 275 оқушы өз білімдерін сынады. Жалпы 541 оқушы Қазақстан тарихы, жаратылыстану, математика, орыс сыныбындағы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ сыныбындағы орыс тілі пәндері бойынша қатысты. Олимпиада жеңімпаздары келесі кезеңге өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.