РОТАЛЫҚ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАР ӨТУДЕ

0

Гвардейск гарнизондағы 21450 әскери бөлімінің екінші танк батальоны Мәтібұлақ полигонында нұсқаулық-әдістемелік сабақ түрінде роталық-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізді.

Әдістемелік сабақ іс-жүзінде үш кезеңде өткізілді. Олар – техникалармен рота бағандарын қалыптастыру ауданына шығу, техникамен марш жасау және шабуыл жасау. Танк ротасының негізгі кезеңі шабуыл болды. Тактикалық оқу-жаттығу жауынгерлік атыспен жүргізілді. Жеке құрам негізгі тапсырманы алғанға дейін әскери техникаларды рота бағандарын қалыптастыру ауданына шығарды. Әрі қарай жоспарға сәйкес барлық элементтерді орындау үшін роталық-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу орнына марш жасады. Тактикалық оқу-жаттығуға мотоатқыштар ротасы да қатысты және өздігінен жүретін гаубица зеңбіректері тартылды.
Тактикалық оқу-жаттығу барысында ротаның жеке құрамы қарсыласпен тікелей байланыста болу жағдайынан шабуылға көшу, тиімді шекараларды алу, шабуыл нысандарын тез игеру, қорғанысты пайдалану, қапталға айналып өтудің тактикалық маневрін пысықтау, қарсыластың қорғаныс тереңдігінде шайқасу, взводтық бекінісін иемдену, қарсы шабуылға тойтарыс беру, атыс позициясын ауыстыру және қарсыласты жою тактикалық әдістері қолданылды.
– Бүгін жауынгерлік дайындық жоспары бойынша роталық тактикалық оқу-жаттығуларды орындадық. Тактикалық оқу-жаттығудың негізгі мақсаты жеке құрамның практикалық тәжірибесін арттыру және бірлескен іс-қимылды әрі қарай шыңдау болып табылады. Рота жеке құрамы қойылған тапсырманы жақсы деген бағаға орындады. Болашақта жеке құрам үлкен оқу-жаттығуларда жақсы нәтижелер көрсететініне сенім артамын, – дейді рота командирі аға лейтенант Алпамыс Ағыбай.

Гвардейск гарнизонының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.