СҰРАПЫЛ СОҒЫС САРБАЗДАРЫ

0

Сіздер, сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, жанған от пен жауған оқтың ортасына түсіп, кең-байтақ жерді қорғадыңыздар. Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктеріңіз мәңгі ұмытылмайды. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.

Аға ұрпақ алып берген Жеңіс бүгінгі күні де бізді жетістіктерге жігерлендіреді, жанымызға қуат береді. Біздің парызымыз – ардагерлердің ерлігін құрметтеп, әрдайым қамқорлық көрсету. Бүгінгі буын Жеңіс сарбаздары алдында мәңгілік қарыздар.

Жеңіс күні қарсаңында Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік мерекесі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін атап өттік. Отан қорғаушылар күні Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды. Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні.

Ардақты ардагерлер!

Сіздердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өшпес ерліктеріңіз және бейбіт еңбектегі қалдырған іздеріңіз әрқашанда бізге өнеге. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, бағасы артуда, мәні мейлінше тереңдеп, даралана түсуде. Бүгінгі ұрпақ оны одан әрі жалғастырып, тәуелсіз Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне зор үлесін қоса береді.

Ерлікке толы тарихи күнде баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Мақсат Ережепов,

аудандық полиция бөлімінің бастығы,

полковник

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.