«Аяла» отбасын қолдау орталығында сүйемелдеуге алынған отбасылармен кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Орталық мамандары тарапынан психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік бағыттар бойынша жан-жақты қолдау көрсетілуде. Әр отбасының жағдайы жеке зерделеніп, қажеттілігіне қарай психологиялық кеңес беру, әлеуметтік қолдау шараларын ұйымдастыру, құқықтық түсіндіру және сүйемелдеу қызметтері ұсынылады.
Кешенді жұмыстардың негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың әлеуметтік тұрақтылығын арттыру, құқықтық сауаттылығын көтеру және психологиялық қолдау арқылы отбасының әл-ауқатын жақсартуға ықпал ету.
«Аяла» отбасын қолдау орталығы әр отбасының мәселесін жан-жақты қарастырып, тиімді қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыруда.