Қордай ауданындағы «№17 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, «Шебер» спорт секциялары желісінің құрылғанына 3 жыл толуына орай, волейболдан жасөспірім қыздар арасында аудандық турнир өткізілді.
Бұл шара 2023 жылы мамыр айында спорт секциялар желісінің құрылуымен байланысты ұйымдастырылды. Турнирда ауданның түрлі елдімекендерінен келген жас спортшылар бақ сынап, олардың шеберліктері рухы сыналды.
Аталмыш спорт секциялар желісі құрамында 12 елдімекеннің 400-ден астам балаларды қамтып отыр. Клубта футбол, үстел теннисі, волейбол секілді спорт түрлері бойынша секциялары жұмыс жасайды. Басты мақсаты – шалғай ауылдардағы балаларға спорт секцияларын ашу арқылы олардың шеберліктерін дамытып, дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімі спорт саласының әдіскері Ержан Тастанұлы мен «Шебер» спорт секциялар желісінің жетекшісі Ербол Тайбеков құттықтау сөз сөйледі. Ержан Тастанұлы өз сөзінде жас спортшылардың жетістіктеріне тоқталып, олардың әлеуетін дамытуға қажетті жағдайларды жасау қажеттігін атап өтті. Ербол Тайбеков болса, спорт клубының атқарған жұмыстарына және келешекте жүзеге асырылатын жоспарларға көңіл бөлді.
Турнир барысында жас ойыншылар өздерінің шеберліктерін көрсетіп, бәсекелестік жоғары болды. Бірақ бастысы – балалардың спортқа деген қызығушылығы мен команда құру арқылы бір-бірімен достасуы.
Сонымен қатар, ауданның спорт саласына елеулі үлес қосқан бірнеше азаматтар да бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Алдағы уақытта «Шебер» спорт секциялары желісі тағы да көптеген қызықты жобалар мен шараларды жоспарлап отыр. Спорт мекемесі балалардың денсаулығы мен рухани дамуын қолдай отырып, ауданымыздың спорттық өміріне белсенді қатысуды жалғастырмақ.
Әділет ҚҰТТЫБАЙ