СПОРТ-БЕЙБІТШІЛІК ЕЛШІСІ!

0

Бүгін Масаншы ауылдық округінің Әл-Фараби атындағы № 50 орта мектебінде түрлі ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері арасында «Спорт-бейбітшілік елшісі» ұранымен волейболдан аудандық турнир өтті.

Аудан тұрғындары қатысқан жарыстар салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ этносаралық келісімді сақтау және нығайту мақсатында өтті.

📍 Турнирде «Масаншы», «Қаракемер», «Қарасай», «Қызылсай», «Қарасу» командалары тартысты ойын көрсетті. Ойын алаңында қатысушылардың жеңіске ұмтылысымен қатар, өзара достық қарым-қатынастары мен ұйымшылдықтары байқалды.

Ойын қорытындысы бойынша жарыстың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен, кубоктармен, дипломдармен марапатталды.

Сондай-ақ, этносаралық келісім мен бірлікті нығайту бағытында ұйымдастырылған мәдени-көпшілік шаралардың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтарға аудан әкімінің алғыс хатты табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.