Тұрғындар мәселесін тыңдады

0

Бүгінгі күннің басты талабы – билік бұқараға жақын болуы керек. Мемлекеттік қызметшілер алдына келген тұрғындардың мәселесін шешіп беруге ұмтылуы тиіс. Бұл принцип аудан әкімдігінің жұмысында ерекше басымдыққа ие, себебі халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік жағдайы билік өкілдерінің шынайы қамқорлығына байланысты.

Осындай талаптарды басшылыққа ала отырып, аудан әкімі Бегзат Болатбеков бекітілген кестеге сәйкес тұрғындармен кездес өткізіп, оларды жеке мәселелерімен қабылдады. Кездесу барысында тұрғындар өздерінің күнделікті өміріндегі қиындықтары мен кедергілері туралы ашық айтып, шешімін талап ететін нақты мәселелерін ортаға салды.

Сонымен қатар, аудан әкімі аппаратының басшысы Айдын Байбек пен аудан әкімдігінің басқа да бөлім және мекеме басшылары да қабылдауға қатысып, мәселенің мән-жайын жан-жақты талқылап, қай салада қандай қолдау көрсетілуі мүмкін екенін жан-жақты қарастырды. Бегзат Сейсенқұлұлы әрбір азаматтың өтініштері және ұсыныстары ең маңызды деп есептеп, олардың ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын, қабылдау барысында көтерілген жайттардың нақты шешімін табуына барынша ықпал ететінін айтты. Бұл халық пен билік арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруде маңызды рөл атқарады.

Бұған дейін айтылғандай, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, кемшіліктерді жою, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін осындай қоғамдық қабылдаулардың өткізілуі – маңызды қадам. Тұрғындардың айтқан өтініштеріне жауап ретінде елді мекендерде әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалардың жүзеге асырылуы, азаматтардың әл-ауқатын көтеру үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау, әсіресе, көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік жағынан осал топтарға ерекше назар аударуды талап етеді.

Аудан әкімдігі халықпен тікелей қарым-қатынасты күшейтіп, азаматтардың күнделікті тұрмыс мәселелеріне шынайы көңіл бөліп, олардың жағдайын жақсарту мақсатында жүйелі және сапалы жұмыс атқаруда. Тұрғындардың мұң-мұқтажы ескеріліп, әкімдік тарапынан тиісті шешімдер қабылдануы бұл бағытта оң қадам болып табылады. Бұл әрекеттер аудан тұрғындарына мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін сезінуіне мүмкіндік туғызып, алдағы уақытта да жұмыс осылай жалғаса береді деген сенім тудырады.

Әділет ҚҰТТЫБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.