«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚПЕН ЖҰМЫЛА КҮРЕСУІМІЗ ҚАЖЕТ»

0

Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның III отырысы өтіп, оның күн тәртібінде де үш маңызды мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Қордай ауданының білім бөлімінің өкілі А.Қалдарбеков сөз алды. Ол білім беру ұйымдарында балаларға қатысты ерте жүктіліктің, қатыгездік және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы толыққанды ақпарат берді. «2023 жылғы қыркүйек айында жүргізілген салыстыру жұмысының қорытындысы бойынша Қордай аудандық полиция бөлімінің ювеналдық полициясы есебінде жалпы саны 25 сәтсіз отбасы тіркелген. Оның ішінде: 26 мектеп оқушылары,  мектепке дейінгі 13 бала болса, Тараз қаласындағы арнайы мектепте 1 оқушы оқиды»,-деп нақты деректерді келтірген бөлім басшысы аталған отбасы балаларына көрсетілетін тиісті көмектерді атап өтті. Келесі кезекте «Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ-нің директоры Ш.Бейсенбаева Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көрсету орталығының атқарған жұмысы туралы тоқталып өтті. «Жыл басынан орталыққа  қабылданған қызмет алушылар саны – 107. Оның ішінде – 34 әйел,  73  кәмелеттік жасқа толмаған балалар.  Бүгінгі күнге  қызмет алушылар саны- 21, оның ішінде – 6 әйел, 15 кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Жалпы орталықтан  шыққандар саны – 100. Өз еркімен шыққандар саны- 88.Оның ішінде 12 әйел отбасымен қайта қосылды»,-деді есебінде.

Ал үшінші мәселе бойынша Қордай аудандық жергілікті полиция қызметінің басшысы Е.Бекқұлов хабарлама жасап, отбасында зорлық — зомбылық көрген әйелдердің құқығын қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Баяндамашының сөзінен белгілі болғандай  ағымдағы жылы Қордай ауданы аумағында әйелдерге қатысты 58 қылмыс (2022 жылы осы кезеңде 50-қылмыс) тіркелген. Оның ішінде отбасылық тұрмыстық қарым-қатынас бойынша 3-дерек орын алған. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 73-бабымен көзделген отбасы қарым-қатынаста құқық бұзушылықтарға жол берген үшін биыл 110 тұлға (2022 жылы осы кезеңде 36) әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жиынды қорытындылаған М.Қарабаев өзектілігі жоғары бұл мәселелердің әрқайсысымен қоғам болып жұмыла күресуіміз қажет екендігін тілге тиек етіп, күн тәртібінде талқыланған сұрақтар бойынша жұмысты жүйелі жүргізу қажеттігін жеткізді. Комиссия отырысының күн тәртібіндегі барлық мәселелер толығымен қаралып, жауапты тұлғаларға хаттамалық тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.