Қордай ауданы әкімінің 2026 жылғы 22 маусымдағы №48 ө-ж/қ өкімімен БАЙБЕКОВ АЙДЫН ОСКАРОВИЧ Қордай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Байбеков Айдын Оскарович 1987 жылғы 30 наурызда Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келген.
Ұлты — қазақ. Білімі — жоғары.
2010 жылы Қырғыз мемлекеттік медициналық академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2018 жылы Қайнар академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2022 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша аяқтаған. Денсаулық сақтау магистрі.
Еңбек жолын 2012 жылы Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/4 мекемесінің медицина бөлімінде терапевт дәрігер болып бастаған.
2012–2016 жылдары Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде терапевт дәрігер, медицина бөлімінің бастығы, 2016–2019 жылдары медицина бөлімінің бастығы, Қордай аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, 2019–2023 жылдары Қордай аудандық орталық ауруханасында терапевт дәрігер, жедел жәрдем дәрігері, емхана меңгерушісі, бастапқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі басшы, 2023–2026 жылдары Қордай аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің медициналық бөлім бойынша орынбасары, Қордай аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, Қордай ауданы әкімінің кеңесшісі, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарған.
Үйленген, бес бала тәрбиелеуде.