ТАБЫС ЖОЛЫН ЖАС ҰРПАҚҚА ҮЛГІ ЕТУ

0

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Еңбек ауылы Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебінде «Жомарт түлек» жобасы аясында игілікті істер атқарылып келеді. №22 Еңбек орта мектебі атанған қазіргі Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебінің түлектері әрдайым «Тylek.kz» сайтына мектеп түлектерін тіркеп, олармен кездесулер ұйымдастырады. Мектебімізді және ауылымызды көркейтуге демеушілік көрсетіп жүрген түлектеріміз аз емес. Қазіргі таңда туған жеріне танымал, қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында оқушылармен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізілді.
Бұл жобаның мақсаты – мектеп бітіріп, жетістікке жеткен тұлғалар туған жеріне танымал, түрлі салада еңбек етіп жүрген түлектердің табысты өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау, өңір тумаларын туған өлкесінің әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауға тарту, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және өзге де салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға жұмылдыру.
Жуырда Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебінің түлектері Ләззат Чалтыкенова (Талдықорған қаласы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің филология ғылымдарының кандидаты) және Қанат Дюсебаев (Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің профессоры, аға оқытушы) «Жомарт түлек» жобасы аясында оқушылармен кездесулер өткізді. Кездесу барысында өз өмір жолдарын баяндап, оқушылармен әңгіме құрды. Сонымен қатар, осы мектептен 1976 жылы түлеп ұшқан 1959 жылғы ағаларымыз «Жомарт түлек» жобасы аясында мектепке жүз отыз мың теңгеге түрлі-түсті принтер сыйға тарты. 1965 жылғы ағаларымыз 10 түп алма көшетін және 65000 теңге көлемінде мектепке тұғырымен ту сыйға тартты. Міне, патриоттық сезімнің үздік үлгісі — туған жеріне, алтын ұя мектебіне деген құрмет осы емес пе!. Әрбір азаматтың өмірінде табысқа жетуі туған мектеп пен ауылына көмек көрсету игі іс деп саналады. Осындай түлектерімізге мың алғыс. Біз әрқашан оларды мақтан тұтамыз.

Мақсат МҰЗДЫБАЕВ, Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.